Астанада танымал боксшылар жетім балаларды киноға апарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстан халқы чемпион атаған Василий Левит, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко мен 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола медалін алған Дариға Шәкімова елордада балалар үйінде өсіп жатқан балаларды киноға апарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балаларды кинотеатр алдында күтіп алған даңқты боксшылар бүлдіршіндерге тәтті алып беріп, балаларға арналған жаңа фильмдердің бірін тамашалауға кірісті. Кинодан кейін спортшылар «SOS балалар  ауылына» барып, бүлдіршіндермен бірге түскі ас ішеді. Кейін, кешкісін спортшылар Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резерв интернатаның оқушылары үшін шеберлік сағатын өткізеді.

«Менің бір ұлым бар, сондықтан, балаларды қатты жақсы көремін. Әрине, балам көп болсын деймін, бір Алла біледі»,-деді журналистермен сөйлескен Данияр Елеусінов.

Айта кетейік, бұл игі істің бастамашысы - «Аяла» атты қайырымдылық қоры.

null  

Соңғы жаңалықтар