Астанада таеквондодан ел чемпионаты мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Астана қаласында таеквондодан ерлер мен әйелдер арасында ел чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстан таеквондо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, ерлер арасында өз салмақ дәрежелері бойынша Сапарғали Әбдірашев (54 кг, Астана), Елдос Ысқақ (58 кг), Алмас Мұқамыров (58 кг, екеуі де Жамбыл облысынан), Ерасыл Қайырбек (68 кг, Алматы қаласы), Қайрат Сарымсақов (74 кг, Маңғыстау), Рақым Әділхан (80 кг, Алматы қ.), Смайыл Дүйсебай (87 кг, ОҚО), Руслан Жапаров (+87 кг, Жамбыл) чемпион атанды.

Әйелдер арасында Анаргүл Сабыр (46 кг, Павлодар), Айнұр Есбергенова (49 кг), Жазира Сапарбек (53 кг, екеуі де Қызылордадан), Маржан Тілепбергенова (57 кг), Гүлім Бибалаева (62 кг, екеуі де Астанадан), Бану Мансұрова (67 кг, Алматы қ.), Меруерт Көпболсынова (77 кг, Астана) және Мереке Жүнісова (+73 кг, Ақтөбе) жеңіс тұғырына көтерілді.

Таеквондодан БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Арслан Ордабаевтың айтуынша, аталмыш біріншілікке 200-дей спортшы қатысып, бақ сынады.

Батыс Қазақстан облысынан жалғыз барған Әйгерім Қажымова 73 кг салмақта финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде ғана есе жіберді.

Чемпионат қорытындысына сәйкес Азия біріншілігі мен Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды. Әйгерім де Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына енді.

null

Соңғы жаңалықтар