Астанада «Тəңіртаудан басталған құбылыс» атты сурет көрмесі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Оқушылар сарайында Қытай елінен келген қандасымыз, Суретші Серікжан Ысқақбекұлының «Тəңіртаудан басталған құбылыс» атты шығармашылық көрмесі өтті.

Астана төрінде ашылған бұл өнер көрмесіне қойылған шығармалар шынайылығымен, қанықтығымен, қарапайымдылығымен, бейнелеу дәлдігімен көрмеге келген жұрттың ыстық ықыласына бөленді. Автордың əрбір туындысы табиғатты, туған жерді, ауыл тіршілігін арқау еткенімен ерекшеленді.

«Көрмеге шығармаларымның бір бөлімін, яғни 65 туындымды қойдым. Бұл менің шығармашылықпен айналысқаныма 20 жыл толуына орай есеп беру көрмем болды. Менің ұстанған бағытым реалистік бағыт. туындыларымда өз туған өлкемнің тауы мен тасын, суы мен өзенін, орманы мен тоғайын кенеп бетіне бедерлеп түсіруге ден қойдым. Осы арқылы болашақ ұрпақ өз туған жерін қадірлеп, қазақтың байтақ даласының киесін сезініп өссе деген мақсат қойдым. Сонымен бірге ұлтымыздың салт- санасын, ғұрып- әдетін, тұрмыс-тіршілігін шығармаларыма өзекті мазмұн еттім. Мен Ұлы даланың тағдырлы табиғатын, көрікті көлдерін, заңғар биік тауларын, жасыл желекті жайлаулардың таңғажайып әсем көріністерін тамашалай отырып, өзім сезінген, түйсінген әсерімді кенепке жазып, көркем туынды жаратуға талпынып келем. Бұл менің болымысым, басты ерекшелігім», - дейді суретші Серікжан Ысқақбекұлы.

Көрменің ашылуына арнайы келіп қатысқан Қазақ ұлттық өнер унверситетінің профессоры, суретші Асылхан Ермеков Серікжан Ысқақбекұлының еңбектеріне өз бағасын беріп, шығармашылық жолының нәтижелі, жемісті болуын тіледі.  

2 

«Серікжанның өзінің өмірлік бағыты осы кескіндемемен байланысты екені туған кезде берілген сияқты. Ол табиғаттың алуан көрінісін, құбылыс өзгерісін, табиғатқа жан бітіргендей әсерлі бейнелейді. Мен көрмені бірнеше рет аралап шықтым. Оның көптеген жұмыстарын салыстыра отырып философиялық, психологиялық мәнге ие екенін аңғардым. Табиғаттың тілін түсініп, оған жан бітіру деген өте қиын, күрделі дүние. Бұл жерде кескін, я болмаса сызық, композициялық шығармашылығындағы жемісті жұмысын бағалаумен қатар, соның ішіндегі эмоциялық және дүние болмысында болып жатқан құбылыстарды кенеп бетіне сәтті түрде, күрделі мәнермен бедерлеп шығуын да жетістік деп айта аламыз. Бұның барлығы үлкен шеберлік және үлкен ғылми тұрғыда жасалған еңбектер деп есептеймін, сонымен бірге Серікжанның қажырлы еңбегінің нәтижесі. Табыстан табысқа жете бер деп тілек айтамын», - дейді суретші Асылхан Ермеков.

6 
Серікжан Ысқақбекұлы - ҚХР Шыңжаң суретшілер одағының мүшесі. Оның қазақтың көшпелі өмірі мен ұлттық мәдениетін бейнелеген «Наурыз», «Күз», «Қыстаулық», «Күз келбеті» тақырыбындағы майлы бояу туындылары Шыңжаңдық суретшілер фестьвалінде жоғары бағаланып, марапатталған. Ал, «Ұршық иіру» атты майлы бояу туындысы 2004 жылы ҚХР мемлекеттік суретшілер одағы жағынан ұйымдастырылған кәсіби суретшілер конкурысында ІІ орынға, «Нарат сахарасы» атты майлы бояу туындысы 2006 жылы Шыңжаң, Хайнан, Иұннан үш өлке бойынша өткен суретшілер фестьвалінде ІІІ орынға ие болады. Серікжанның өз қолыммен жасаған 300-ге жуық домбыра, қобыз, жетіген, барбыт, шертер сияқты қазақтың музыкалық аспаптары Шыңжаң көлеміндегі өнер адамдарымен қоса мәдениет орындарында пайдалануда. 1


3 2012 жылы Қытайдың арнайы әкімшілік аймағы Макаода ұйымдастырылған мәдениет жәрмеңкесіне қазақтың музыкалық аспаптарын жасаушы шебер ретінде ҚХР-нан арнайы қатысып, үздік бағаланған жұмыстары үшін, ҚХР Мәдениет миністірлігінің арнайы алғыс хатын алған. Қазақстанда 2015 жылы шетелде тұратын қандастарымыздың қатысуымен өткен халықаралық өнер фестивалінде II орын алса, осы жылы «Ымырт» атты шығармасы ұлттық музейдің алтын қорына сақталып, алғыс хатпен марапатталады.

4 5 

Соңғы жаңалықтар