Астанада сүрілген үйлердің тұрғындары қайда көшіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төрт жыл бойы Астана әкімдігі апатты жағдайдағы үйлерді сүріп, үй иелеріне жаңа пәтерлер ұсынып келеді. 2017 жылы бұзылады деп жоспарланған 228 үйден әлі 111 үй бар, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының мәлімдеуінше, 2013-2016 жылдар аралығында 117 үйдің тұрғындары (1570 отбасы) жаңа пәтерге ие болған. Биыл 1500 отбасы жаңа қонысқа ие болу кезегін күтіп отыр. Дәл қазіргі уақытта 75 үйдің (923 пәтер) тұрғындары жаңа үйлерге көшірілуде.  

Сүрілуге негізгі құрылыс құрылымдары және инженерлік жүйелері әбден тозған 1940-1970 жылдар аралығында салынған үйлер жіберіледі.

Ескі және апатты жағдайдағы үйлерді сүру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында келесі мекенжайлар бойынша тұрғын үйлер салынды:

«Алматы» ауданы - С409 көшесі, 19/1; Қобыланды батыр көшесі, №7, 7М, 7Н, 7В, 7Б, 7М үйлер.

«Сарыарқа»  ауданы - А 98 көше, 15;

«Есіл» ауданы - Е 10 көше, №2 және 4 үйлер; Ш.Айтматов көшесі, 29 а; Е-16 көше, №4 және 6 үйлер;

Сондай-ақ, Арнасай көшесі және Қабанбай батыр даңғылдары аймағындағы  Пригородный ауданында көпқабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, әкімдіктің мәліметінше, мемлекет қажетіне еріксіз мүліктен айыру жерлеріне  Бөгенбай батыр даңғылы, Кенесары, Күмісбеков  көшелері және Сарыарқа даңғылдарындағы жер телімдері жатады. Жер шекарасына «Мирный» гараж кооперативіндегі 15 гараж да кіреді. Қазіргі уақытта тіркелген мәлімет бойынша 14 гараж сатып алынған, біреуі сатылу сатысында. Олардың орнына инженерлік жүйелер және жолдар салынбақшы. 

Соңғы жаңалықтар