Астанада сол жағалаудағы бірқатар көшеленің тұрғындары сусыз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада сол жағалаудағы бірқатар көшелердің тұрғындары су құбырындағы апат салдарынан ауыз сусыз қалды. Бұл туралы «Есіл» ауданы әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.

«Құрметті «Есіл» ауданының тұрғындары! Бүгін, 23 шілдеде сағат  06:35-те   Сығанақ пен Сауран көшелерінің қиылысында су құбыры жарылды. Қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы»  МҚК  жарылған жерден су ағынын тоқтату, су айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін қанша тұрғын үйге ауызсу беру шектелетіні белгілі болады. Ақауды жойғанша суды көлікпен тасу  ұйымдастырылады»,  - делінген хабарламада.   

1 2 

Фото: Қайсар Жұмабайұлы

Соңғы жаңалықтар