Астанада Сирия келіссөздері «жабық есік» жағдайында өтеді - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия бойынша келіссөздер Астанада жабық тәртіпте өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан елордасы барлық аумақтар үшін бейтарап жер ретінде келіссөздер алаңы болып таңдалды. Келіссөздер «жабық есік» тәртібінде өтетінін ескере кеткен жөн»,-делінген ведомство сайтындағы БАҚ-қа арналған хабарламада.

Баспасөз қызметі келіссөздер қаланың жаңа әкімшілік орталығындағы «Rixos President Astana» қонақ үйінде өтетінін нақтылап отыр.

«Астанадағы Қонаев көшесі, 7 мекенжайында «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 1-қабатында орналасқан баспасөз орталығы (батыс жағынан кіреберіс, Нұрлы жол көшесінен) 23 қаңтардағы таңғы 9.00-ден бастап тәулік бойы жұмыс істейді»,-делінген хабарламада.

Кездесу кезеңінде басқа қаладан келген, сондай-ақ шетелдік журналистер үшін тұрақты көлік қатынасы ұйымдастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар