Астанада Сингапур сарапшылары көшбасшылық жөнінде семинар өткізуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5-13 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжімен және «Темасек International» қорымен бірлесіп, Көшбасшылық, Адами ресурстарды басқару және Экономикалық даму бойынша семинарлар өткізуде.

Семинардың алғашқы күні тыңдаушылар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаменті директорының міндетін атқарушы Ж.О. Тлеукенов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Д.К. Еренчинов, сондай-ақ Академияның профессор-оқытушылар құрамы дәріс оқыды.

Семинар барысында сарапшылар мемлекеттік қызметшілерге Сингапурдың мемлекеттік басқаруды реформалау саласындағы тәжірибесімен таныстырып, Сингапур мемлекетінің құрылу кезеңдері және көшбасшылық рөлі, қаржылық тұтастықты басқару және мемлекеттік қызметтегі этика, экономикалық қайта құрылымдау және индустриялық жаңғырту туралы тәжірибелерімен бөліседі.

Сарапшылар ретінде Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі атынан Сингапурдың Кувейттегі Елшісі және бұрынғы мемлекеттік министр, Сингапурдың Сыртқы істер министрі Зайнул Абидин Рашид, Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі CSC International директоры Тина Ын, Бас қаржылық инспектор кеңсесі бас қаржылық инспекторының бұрынғы орынбасары Тео Чи Киянг, Наньян технологиялық университетінің профессоры, қауымдастырылған тренер Чеу Сун Бин, қауымдастырылған тренер Ву Вей Нын, медицина ғылымдары басқармасының (HAS) кәсіби әкімшілік кеңесінің директоры және Жасушалар терапиясын жабдықтау жөніндегі әкімшілік директоры Сароджини Падманатан шақырылды.

Семинарға Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысады.

 

Соңғы жаңалықтар