Астанада ШЫҰ-ның халықаралық марафоны өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 тамызда сағат 07.30-да елордада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Халықаралық марафоны және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, ШЫҰ-ның астаналық марафоны және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтетін маңызды әрі бұқаралық спорттық-мәдени шара болмақ.

Жеңілатлетикалық марафонда бірнеше бағыт ұсынылатын болады: EXPO RUN - 2017 метр, жүгіру - 10 шақырым, марафон қашықтығы - 42 шақырым 195 метр.
null

Ағымдағы жылы маусымда Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының өкілі марафонның жүгіру жолын (трассасын) сертификаттудан өткізген болатын. Марафон қаланың басты көшелері бойында өтеді. Спорттық шараға 5000-ға жуық адам қатысады деп күтілуде, оның ішінде 1000 шетелдік пен ШЫҰ-на мүше әр елден 30 кәсіби спортшы бар. Қазақстаннан аталмыш шараға 4000 адам қатыспақ.

Бүгінде 500 адам тіркеліп үлгерген, 400-ге жуық адам Қытай азаматтары.

Соңғы жаңалықтар