Астанада Шыңғыс Айматов туралы жаңа кітаптың тұсауы кесілді

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық кітапханасында Қырғызстанның экс-Мемлекеттік хатшысы, профессор Османакун Ибраимовтың «Айтматов. Последний писатель империи» атты жаңа кітабы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жинақты Халықаралық Түркі академиясы Ш. Айтматовтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында шығарып отыр.

"Айтматов жылының Астанада басталып отырғаны, Орталық Азияның ішінде алғаш рет Қазақстанда өтіп отырғаны кездейсоқ емес. Айтматовтың бүкіл шығармалары қазақ халқымен етене тығыз байланысты. Мысалы, «Жәмилә» шығармасынан бастап, «Боранды бекетке» дейін және тағы да басқа барлық шығармаларында қазақ пен қырғыз халқының тағдыры бірдей өрілген", - деді Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі халықаралық форум барысында. 
null  

Лента қию рәсіміне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, қырғыз бен қазаққа ортақ тұлғалар - Мырзатай Жолдасбеков, Өмірбек Бәйгелді, қырғыз тарапынан Медетхан Шерімқұлов пен Болатбек Шәмшиев қатысты. 

«Шыңғыс Айтматов әлемге танылған заңғар жазушы. Оның шығармаларындағы басты кейіпкерлер қырғыз бен қазақ еді. Ол өз шығармалары арқылы қазақ пен қырғыз халқының арасындағы байланысты тереңдете түсті. Ол Қазақстанды сүйетін. Қазақ халқының дархан даласы оған шабыт беретін. Ол биікке ұмтылатын. «Боранды бекет» кітабында қазақтың өмірі туралы баяндалған. Сондықтан, Шыңғыс Айтматов - Қырғызстанның ғана емес, Қазақстанның да мақтан тұтар жазушысы. Жаңа кітабымның тұсауы Астанада кесілгеніне де қуаныштымын. Бұл - Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Шыңғыс Айтматовтар салып кеткен жолдың жалғасы", - деп жазушыны еске алды Османакун Ибраимов. 

Оның айтуынша, бұл кітап Мәскеуде «Жизнь замечательных людей» атты сериямен орыс тілінде «Молодая Гвардия» баспасынан шығады және өзге тілдерге аударылып жатыр.

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жазушының 90 жылдық мерейтойы аясында тағы бірқатар шаралар өтетінін еске салды. Келесі аптада ЮНЕСКО-да Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығы аталып өтеді. Мерейтойлар Өзбекстанда, Түркияда және басқа да жерлерде және ең соңғы шара Бішкекте жыл соңында ұйымдастырылады.

Тұсаукесерден кейін халықаралық форум келушілері қырғыз режиссері Артықбай Сүйіндіковтың «Айтматов» атты деректі фильмін тамашалады.
null  

Айта кетейік, Астанада Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған «Айтматов тағылымы» атты халықаралық форум өтіп жатыр. Оған Қазақстан мен Қырғызстанның беделді ғалымдары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткелері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар