Астанада шетел инвесторларының аралық отырысы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай орталық мемлекеттік органдарының осы аптадағы жұмыс жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, алдағы жұма, наурыздың 3-і күні ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің аралық отырысын өткізеді. Отырыс барысында үкімет пен кеңес мүшелері жұмыс топтары аясында кездесіп, ортақ мәселелерді талқыға салады. Сол күні денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы министрліктерінің отырыстары өтеді.

Онда алдағы мақсат-міндеттер талқыланады. Тура сондай алқа отырысы наурыздың 1-і күні энергетика министрлігінде ұйымдастырылады.

«Ал наурыздың 2-сі күні дипломатиялық ведомствоның құзіреті шеңберінде Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болып қабылданғанына 25 жыл толуына орай «дөңгелек үстел» өтеді. Аталған шарада Сыртқы істер министрлігінің басшылары, дипломатиялық қызмет ардагерлері, Парламент депутаттары, сондай-ақ шетел дипломатиялық өкілеттіліктерінің өкілдері қатысады деп күтілуде», - деп атап көрсетті Жұманбай.

Соңғы жаңалықтар