Астанада шатырдан құлаған мұз автомобильді зақымдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Тұрмыс» пәтер иелері кооперативі (ПИК) мұз кесектері құлаған автомобиль иесіне 140 мың теңге көлемінде ақша төлейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Тұрмыс» ПИК-нің өкілдері тұрғын үй шатырына жиналған қарды уақытылы тазаламағаны үшін тұрақта тұрған көлікке мұз кесектері құлап, машинаның төбесі мен әйнегін зақымдады», - делінген Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алматы аудандық соты көлік иесінің пайдасына «Тұрмыс» ПИК-іне 139 765 теңге көлемінде залал төлеуге шешім шығарды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар