Астанада салынып жатқан медреседен өрт шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада салынып жатқан медреседен өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«18 ақпан күні 15:35-те Оңтүстік-Шығыс мөлтекауданы Қарқабат көшесінде өрт шыққаны туралы хабар түсті. 15:41-те жаңадан салынып жатқан медресе күмбезінің 10 шаршы метр жылытқышының жанып жатқаны белгілі болды», - деп хабарлады Р. Иманқұлов.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Өрт 15:58-де ауыздықталып, 16:03-те сөндірілген.

Өрттің шығу себебі анықталды: дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. 

Соңғы жаңалықтар