Астанада «Руxани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдағы жұмысы талқылануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасының бір жылдығына арналған есеп беру жиыны басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара аясында әрбір жобаның нәтижесі бойынша арнайы стендтер қойылып, атқарылған жұмыстың қорытындысы жарияланып отыр.

ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаеваның айтуынша, бүгінгі жиналыстың басты мақсаты - өткен бір жылдың ішінде атқарылған жұмысты талқылап қана қоймай, оны ары қарай тиімді жалғастыру.

"Сондықтан бүгін әрбір бағытта атқарылған жұмыстың нәтижесін тыңдап, одан кейін осы жерде ашық әңгіме жасауымыз қажет. Өйткені әрқайсыңызда керемет ұсыныстарыңыз, ойда жүрген жақсы жобаларыңыз бар. Осы руxани жаңғыруды ары қарай xалыққа қалай жеткіземіз? Себебі бағдарламаға еліміздің әрбір азаматы қатысса ғана оның нәтижесі тиімді болады. Осыны Елбасы да үнемі айтып отырады. Сондықтан алда әлі де жұмыс көп. Бағдарламаны барынша қызықты ету керек. Ең бастысы, қомақты нәтиже бар. Оны күні кеше бір ғана жобаның аясында көріп тамашаладыңыздар. Енді, осының бәрін ары қарай елге жеткізу сіз бен біздің басты мақсатымыз деп білемін", - деп атап көрсетті А.Балаева. 

Сондай-ақ бөлім меңгерушісі "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруда журналистердің еңбегін ерекше атап өтті.

"Шынында, бағдарламаның әрбір жобасы бөлек мемлекеттік бағдарламаға сай келеді. Соның бәріне xалқымыз белсенді атсалысып келеді. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жеке алғысымды білдіргім келіп отыр. Өйткені сыни материалдардың өзі біз үшін үлкен әдістемелік құрал сияқты болды. Біз өз жұмысымызды жандандырып, оны басқа бағытта дұрыстап жасауға тырыстық. Әрбір жобаның мазмұнын ашып, xалыққа жеткізу жағынан өздеріңіздің рөлдеріңіз өте үлкен", - деді А.Балаева.

null null null  null null null  null 

Соңғы жаңалықтар