Астанада QR-код тақталарды не үшін орнатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталған бастама «Smart Astana» жобасы аясында іске қосылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әзірше, QR-код тақталар пилоттық үлгіде орнатылды. Оны ұялы телефонмен сканерлеу арқылы автобустардың онлайн кестесін көруге болады. Сөйтіп нақты автобустың келетін уақытын білуге мүмкіндік бар.

Жалпы, бүгінде «Астана Innovation» компаниясы «Smart Astana» мобильді қосымшасын барынша жетілдіруді көздейді. Қазіргі кезде оған коммерциялық сервистер де енгізілді.

«Аталған қосымшада 60-тан астам сервис бар. Соның ішінде үйді жинау, сантехник, электрик, бос жұмыс орындары, тамақ жеткізу және тағысын тағы», - деп жазды «Астана Innovation» төрағасы Олжас Сартаев өзінің Facebook парақшасында.

Соңғы жаңалықтар