Астанада полицейлер «Нұрсая» тұрғын үй кешенін қоршауға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде орналасқан дәмханадан иесіз  сөмкенің  анықталуына байланысты полицейлер маңайды қоршауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктер үйіне қарама-қарсы орналасқан дәмханаға қалдырылған сөмке күдік туғызғандықтан оқиға орнына тәртіп сақшылары шақырылды.

«Иесіз зат табылған аумақ қоршауға алынды. Қауіпсіздік шарасы ешкімге ыңғайсыздық тудырған жоқ», - дейді Астана ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлер жүргізген мұқият тексеріс барысында, ешқандай қауіп тудыратын зат табылған жоқ. Сөмкені дәмханаға келушілердің бірі ұмытып  кеткен.
null 

Соңғы жаңалықтар