Астанада ПИК жұмысын жетілдіру шаралары талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясында ПИК жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Бүгінгі күні елордада 2392 көп пәтерлі тұрғын үй бар, оларға 419 пәтер иелері кооперативі қызмет көрсетеді және статистика көрсетіп отырғандай, ПИК-ке қатысты шағымдар жылдан-жылға азаймай отыр.

«Басты мәселе - кондоминиумдарды тіркеудің әлсіздігі. Құрылыс жүргізушілер және ПИК қарапайым себеппен оларды тіркеу бойынша жұмыс жүргізуге құлықсыз, ПИК-тер ортақ мүлікті тұрғындардың келісімінсіз пайдаланады. ПИК-тер - жертөле орындарын, ал құрылыс жүргізушілер техникалық қабаттарды жалға тапсырады», - дейді елордалықң Тұрғын үй инспекциясының басшысы Әлихан Қуатбеков.

Ә. Қуатбековтың айтуынша, тұрғындардың 40%-ынан шағымдар тек осы мәселе бойынша ғана түседі. Сондай-ақ, тұрғындар ПИК-тердің қызмет көрсету сапасына қанағаттанбайды. Бұл мәселені ол тиімсіз ПИК-терді қысқартып, басқарушы сервистік компанияларды құру арқылы шешуге болады дейді.

«Астанада жұмыс істейтін ондай 18 ұйымның тәжірибесі бойынша нәтиже бар. Материалдық-техникалық базасы және білікті кадрлары бар басқарушы компаниялар кез келген көлемдегі жұмысты атқаруға қабілетті. 2392 тұрғын үйге ондай 45-50 фирма қажет болады», - дейді Ә. Қуатбеков.

Соңғы жаңалықтар