Астанада өзін өлтірмек болғандардың басым бөлігі улы зат пайдаланған - статистика

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат Астана әкімдігінің жанындағы «Elorda Aqparat» медиа-ресурсының хабарлауынша, Астанада жылына 700-ден астам адам өз өзіне қол жұмсайды.

Бұл - 2016 жылғы статистика. Осы 700 адамның ішінде дәрігерлер мен құтқарушылар 56 адамның өміріне араша түсе алмағаны хабарланып отыр.

«2016 жылы Астанада 703 суицид фактісі тіркеліп, 706 адам зардап шекті. Оның ішінде 56 адамның өміріне араша түсу мүмкін болмады»,-деп хабарлаған «109 кезекші қызметі» мемлекеттік мекемесі.

Өзіне қол салып, өлімге бел буған адамдардың басым бөлігі, яғни 436 адам улы заттарды пайдаланып, соның ішінде, сірке суын ішіп өлмек болған. 231 адам өзіне қол салу арқылы денесіне зақым келтіріп (тамырын кесіп, қолдарын тіліп) суицид жасауға ұмтылса, 19 адам асылып өлмекші болған.

Дереккөзінің хабарлауынша тіпті бір адам ине жұту арқылы өмірімен қош айтысқысы келген екен. 

«109» қызметінің мәліметіне сәйкес, 56 адамды құтқару мүмкін болмаған. 44 адам асылып, 11 адам секіріп өлген, біреуі  өзін-өзі тұншықтырып о дүниеге аттанған»,-деп хабарлады «Elorda Aqparat».

Соңғы жаңалықтар