Астанада өтетін жұмыс жәрмеңкесінде 500-ге жуық бос орын ұсынылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы 22 қыркүйекте «Жастар» сарайында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеге QAZAQ BANKI, КазкоммерцБанк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  сияқты  екінші дәрежелі банктер, Ішкі істер департаменті, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы, Ұлттық мұражай, Ақмола вагон құрылыс заводы сияқты елорданың түрлі саладағы 50-ге жуық жұмыс берушілері  қатысады, олар өздерінің несие консутальтанты және менеджер, қаржыгер, кассир, ішкі істер органдарының қызметкерлері, медициналық қызметкерлер, электрогаздәнекерлеуші, фрезеровщик, кран машинисті, өнер және мәдениет мамандары және басқа да 500-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынады.

Соңғы жаңалықтар