Астанада өтетін ММА чемпионаты Euronews телеканалынан көрсетілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алты құрлықтың 150 елінен көрсетілетін Euronews телеканалы Астанада 6-7 қазан күндері ММА-дан өтетін әлем чемпионаты туралы арнайы репортаж түсіреді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХААтілшісі.

«ММА спорты Қазақстанның барлық өңірлерінде өркендеп келеді. Біздің федерацияның өкілдері 16 облыстың 15-де жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жастар арасындағы республикалық чемпионаттың өзінде 500-600 спортшыға дейін қатысып жатады. Демек, бұл саннан елімізде ММА-ға деген қызығушылықты байқауға болады. Сондықтан, ММА қазір трендте. Әлемдік деңгейде аталған спорт кең қанатын жайып келеді. Қазақстан да бұл көштен қалмай келе жатқанына қуанамыз», - дейді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ММА, панкратион және греплинг ұлттық федерациясының құрметті президенті Айдар Махметов.

Оның айтуынша, чемпионатты Qazsport телеканалы тікелей эфирден көрсетеді. Бұдан бөлек, Қазақстан мен ММА спортының имиджі үшін тағы бір қуантарлық жаңалық бар.

«Чемпионаттың қорытындысы бойынша Euronews телеканалы жеке репаортаж түсіреді. Бұл біз үшін айтарлықтай жетістік деп айтуға әбден болады. Бұл тек қазақстандық ММА үшін ғана емес, әлемдік дәрежедегі әуесқой ММА үшін қуантарлық жаңалық. Меніңше, осы уақытқа дейін бірде-бір мәрте ММА спортын Euronews телеканалынан көрсеткен емес», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар