Астанада өтетін халықаралық марафонның жүлде қорына 22 млн теңге тігіледі

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат -  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 27 тамыз күні өтетін халықаралық марафонға тіркелу жүргізіліп жатыр. 

Бүгінге дейін әлем елдерінен төрт жүзге жуық марафоншы өтініш білдірген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті.

«Қытайда марафонды жарнамалау жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Қытайда іргелі саналатын People's Daily New Media «Жэньминь Жибао» ұлттық сайты ақпараттық қолдау көрсетіп отыр. Еріктілердің бәрін де халықаралық шараға шақырамыз. Марафон үшін аздап қала көшелерінде кептеліс туындауы мүмкін. Әкімдікпен бұл сұрақтар келісіліп жатыр. Марафон біткеннен кейін жолдың бірден ашылуы қамтамасыз етіледі», - дейді Елсияр Қанағатов.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының атқарушы директоры Інжу Берікқызы 24-26 тамыз аралығында оффлайн тіркелудің ашылатынын хабарлады. Сонымен қатар, марафон қарсаңында, қатысушыларға нөмірлерді тарату шарасы ұйымдастырылып, әлемге танымал марафоншылардың шеберлік сабағы өткізілмек.

Еске сала кетсек, «ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 08:30-да өтеді. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. Олар, үш түрлі қашықтықта: 42 км, 10 км, және 2017 метр қашықтықта бақтарын сынайды. Шет елдерден келетін қатысушылар саны 1000 адамды құрап отыр. Қазақстандық тараптан 4000 адам қатысады деп күтілуде. Марафонға қатысушылардың жалпы саны 5000 адам.  Халықаралық шараға https://www.scomarathon2017.com/  сайты арқылы тіркелуге болады. Қатысушылар үшін 2017 метр қашықтыққа тегін қатысуға мүмкіндік бар. Ал 10 шақырымдық марафонға қатысу үшін 3 мың теңге, 45 шақырымдық марафонға қатысу үшін 5 мың теңге төлеу керек.

 

Соңғы жаңалықтар