Астанада Орынбор көшесін Мәңгілік ел деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Ономастика комиссиясына Орынбор көшесін «Мәңгілік ел» деп өзгерту туралы ұсыныс келіп түсті. Бұл туралы бүгін «Астана қаласының бірқатар көшелеріне атау беру және қайта атау туралы» тақырыпта өткен қоғамдық тыңдау барысында қалалық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Тілеуғали Қышқашбаев хабарлады.

«Орынбор көшесінің атауы қайта өзгеруі мүмкін. Орынбор - біздің алғашқы астанамыз екенін барлықтарыңыз білесіздер. Алайда Орынбор атауы толық жойылмайды, ол басқа жерде пайда болуы мүмкін (...). Астана тұрғындары (ұсынысты - ред) қолдап отыр (...). Даңғыл Мәңгілік ел болып өзгеруі мүмкін», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бұған даңғылдың бойында «Мәңгілік ел» тримфальды қақпасының орналасуы себепші болып отыр. Көше атауын өзгерту туралы ұсыныс қаланың зиялы қауым өкілдерінен келіп түскен.

Тілеуғали Қышқашбаевтың атап өтуінше, жалпы алғанда қаланың ономастика комиссиясына 77 өтінім келіп түскен,  оның 20-сы бойынша ұсыныстар ескеріліп, қалғандары кері қайтарылған.

 

Соңғы жаңалықтар