Астанада өртенген пәтерден кейуананың мүрдесі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада пәтер өртеніп, 68 жастағы апа мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Бейбітшілік көшесі бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртеніп жатқандығы туралы ақпарат сағат 9-27-де  түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 25 минуттың ішінде  қызыл жалынның алдын алды. Тілсіз жау 50 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өкінішке орай өрт орнынан 1939 жылы дүниеге келген әйелдің мүрдесі табылды.  Сонымен қатар түтінденуі деңгейінің жоғары болуы салдарынан иіс тию қаупі де болды. Көрші пәтерден 2014 жылы дүниеге келген бала құтқарылды», - делінген таратылған ақпаратта.
null 

Өртті сөндіруге 5 техника мен 20 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның шығу себептері анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар