Астанада Орталық Азиядағы ең ірі білім көрмесі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Rixos» қонақ үйінде «International Education Fair 2018» Халықаралық білім көрмесі ашылды. Аталған шара Орталық Азия аймағында ең ірі білім көрмесі болып саналады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы көрмеге 100-ге жуық отандық және шетелдік жоғары оқу орындары, тіл үйрету мектептері мен білім агенттіктері қатысуда. Жоғары оқу орындары ішінде Herit-Watt University, University of Glasgow, City University London, University of Manchester, Riga Technical University, University of Latvia, Istanbul Aidyn University, Michigan State University, Ankara University, Oregon State University, Columbia University, New York Film Academy, University of California, The George Washington University, Bozok University, Bremen Universities, Shanghai International Studies University, University of Nicosia, Universite Sorbonne, Giresun University және тағы басқа әлемге танымал университтер бар.
null null null 

Көрменің негізгі мақсаты - білім саласындағы xалықаралық ынтымақтастықты арттыру, шетелдегі стипендиялық бағдарламалар жайында xабар тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жобалар бойынша өзара тәжірибе алмасу. Осыған орай, отандық және шетелдік білім беру мекемелері арасында B2B-кездесулер ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, студент алмасу, білім беру бағдарламаларын дамыту және қос диплом бойынша келісімшарттар рәсімделеді деген жоспар бар. Ал университет студенттері мен магистранттары шетелдегі оқу бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат ала алады. Бүгін көрме кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Көрме жұмысы ертең де жалғасада. 
null null

null  

Айта кетейік, көрменің салтанатты ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Венгрия мен Франция елшілері қатысты. Сол жерде Франция Елшісі Филипп Мартинэ «Абай-Верн» атты жаңа стипендиялық бағдарламаның басталғанын айтты. 
null null 

Соңғы жаңалықтар