Астанада «Өр Торғай - ерлік мекені» атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтті

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы  «Marriott» қонақ үйінде журналист Абылай Маудановтың «Өр Торғай - ерлік мекені» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кітап «Өр Торғай-ерлік мекені» атты экспедицияның жүріп өткен жолын, өңірдегі тарихи ескерткіштер жайлы құнды деректерді, осы барыстағы экспедицияның атқарған істерін арқау еткен.

«Қазақтың өр рухты өлкесінің бірі - Торғай даласы. Осы қасиетті мекенде ел тарихында алар орны зор ірі оқиғалардың болғаны белгілі. Солардың бірі 1916 жылғы халық көтерілісі. Өткен жылы осы көтерілістің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өр Торғай - ерлік мекені» экспедициясының құрамында болып, Ақмола-Қарағанды-Қостанай облыстары аумағындағы 2500 шақырым жолды жүріп өттім. Міне, сол мағыналы, мәнді сапардың әсерімен, көрген-түйгенімді баян еткен жол жазбамды оқырманмен бөлісіп отырмын. Бүгінгі жас ұрпақ ел тарихын терең танып, құнды тарихи ескерткіштеріміз туралы біліп, батыр бабаларымыздың өр рухын үлгі етіп өссе деп ойлаймын» - дейді кітап авторы Абылай Мауданов.

Аталған шараға  тарихи экспедицияның ұйымдастырушылары Жомарт Түбекбаев, Мейрам Айдаболов, Біржан Мешелов және тарих ғылымдарының кандидаты Құрманғали Дәркенов, белгілі өлкетанушы, «Бүкіләлемдік Шыңғысхан  академиясының» құрметті академигі Шөптібай Байділдин, Белгілі журналист Анар Төлеухан, Азамат  Есенжол, ақын Сайлау Жылқыбаев қатысып құнды ой-пікірлерімен бөлісті.            

 Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында, құрамында белгілі ғалымдар мен өлкетанушылар және журналистер бар арнайы топ қатысқан «Өр Торғай - ерлік мекені» атты экспедиция ұйымдастырылған болатын.

Экспедиция өткен жылдың басты мерекесі - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар, тарихымызда өз орны бар ірі оқиғалардың бірі - 1916 жылғы халық көтерілісіне 100 жыл толуына арналған. Идея бастамашысы әрі ұйымдастырушысы - «Тorgay expedition» тобының белсенділері. Аптаға созылған экспедиция барысында олар екі жарым мың шақырым жолды басып өтіп, тарихи маңызы зор отыздан астам нысанға барған. Сондай-ақ, Әбдіғапар ханның қаны төгілген Зәуре қопасы мен Кейкі туған Байтұма қонысына арнайы ескерткіш белгі қойылды.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар