Астанада «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны бойынша ҚР чемпионаты өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны бойынша ҚР VII  чемпионаты өтіп жатыр.

 «Турнирге Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен қалаларынан 28 команда қатысады. Турнирде 6 турда 72 сұрақ ойнатылады. «Не? Қайда? Қашан?» бойынша негізгі турнирден басқа үздік ойыншылар мен командалар «Өз ойыны», «Брейн-ринг» бойынша Қазақстан чемпионаттарындағы күштермен бақ сынасады», делінген хабарламада.

Турнир жеңімпазы осы жылы Астанада өтетін «Не? Қайда? Қашан?» әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Әділқазы, комитеттің тең төрағасы - Азизбек Юсуфов. Апелляциялық әділқазы мүшесі, чемпионаттың құрметті қонағы   - Александр Рубин. Ол  «Не? Қайда? Қашан?»  клубтарының халықаралық  қауымдастығының вице-президенті. Клубтың «Хрусталь үкі» сыйлығын иеленген.

Соңғы жаңалықтар