Астанада Наурызға арналған басты шаралар қайда өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Астанада Наурыз мейрамына арналған басты шаралар ЭКСПО көрмесі кешенінің аумағында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана ЭКСПО-2017» , Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Астана қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, 21 наурыз күні сағат 13.00-де және 22 наурыз сағат 10.00-де басталатын ауқымды мәдени ойын-сауық бағдарламасын әзірлеген.

«ЭКСПО көрме кешенінің аумағында этноауыл ұйымдастырылады. Онда келген қонақтар ұлттық ойындар сайысына қатысып, дәстүрлі тағамдардан дәм татады, қазақ мәдениеті мұражайын, тазы мен төбеттер көрмесін тамашалай алады», - делінген департамент жіберген хабарламада.

Одан бөлек, ЭКСПО туристік аймағы нысандары келушілер үшін жұмыс уақытын ұзартады. «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайы мен Үздік тәжірибелер аймағы сағат 21.00-ге дейін, ЭКСПО мұз айдыны 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Атап өткен жөн, ЭКСПО-2017 аумағында келушілердің жайлылығы үшін 1 мың көлікке арналған жерасты тұрағы қарастырылған. Автотұрақ тәулік бойы жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар