Астанада мыңдаған адам Наурыз мейрамына арналған халықтық серуенге қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада таңертеңнен бастап Наурыз мейрамына арналған халықтық серуен өтіп жатыр. Жалпықалалық шараларға мыңдаған елорда тұрғыны мен қонақтары қатысуда, деп хабарлайды Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы.

 Астаналықтарға арналған мерекелік шаралардың бірі елорда әкімдігінің алдындағы Қалалық алаңда ұйымдастырылды. Мұнда көктем мерекесіне орай дәстүрлі жабдықтармен жабдықталған әдемі киіз үйлер тігілді. Жастар мен ересектер алтыбақандар тебуде. Бүркіт, тазылар мен төбеттер көрмесі келушілердің ерекше қызығушылығын оятты.

Мерекелік алаңда арқан тарту, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтуде. Бұдан басқа, жиналған қауым армрестлинг пен гір көтеруден күш сынасуда.
null  

Елорда тұрғындары мен қонақтарына наурыз көже,  бауырсақ пен палау таратылуда. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындары ашылды.

Елорданың Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы, Жаңабай Өтегенов, Гүлнұр Оразымбетова, Әсем Омарова, Ғани Жұмашева, Алекс Филатов, Нұрғали Тұрлыбеков, Марал Ками, Қарлығаш Әділбекова сынды вокалистер, «Сарыарқа», «Дабыл», «Диарт», «Дәуір», «Барыс» топтары, баянист-виртуоз Бағжан және басқа да белгілі артистер қонақтардың назарына мерекелік концерт қойды.

nullМұнымен қоса, дәстүрлі мерекелік халықтық серуен «Студенттік» саябақта да өтіп жатыр.

Мұнда киіз үйлердің жанында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрсетілді, саябақтың сахнасында Күләйым Қайырбаева, Мәдина Бейсеханова, Айнұр Әбдиева сияқты белгілі вокалистердің, елорданың Мемлекеттік академиялық филармониясы әртістерінің, балалар ұжымдарының, белгілі вокалдық топтардың қатысуымен концерт өткізіліп, сондай-ақ, Наурыз мейрамына арналған театрландырылған қойылымдар көрсетілуде.
null 

Саябақ аумағында спорттық арена орнатылып, онда таңертеңнен бері еліміздің аймақтарынан келген спортшылардың қатысуымен қазақ күресінен сайыстар өткізілуде, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етіледі.

Сонымен қатар, келушілердің барлығы арқан тарту, асық ату, армрестлинг пен гір көтеруден жарыстарға қатысуда. 

null 

Соңғы жаңалықтар