Астанада мұсылмандарға арналған мобильдік қосымша пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада мұсылмандарға арналған мобильдік қосымша пайда болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .

iMuslim Astana - елордадағы мешіттер мен намазханалардың мекен жайын, намаз уақытын, қай жерде тегін ауызашар беріп жатқаны туралы ақпарат беретін мұсылмандарға арналған қолайлы мобильдік қосымша. 

Сондай-ақ, әкімдіктің Рамазан айы кезінде ұсынатын тегін автобустардың маршруттары көрсетіледі.

Бүгінгі күннен бастап, iMuslim Astana жобасы Андроид платформасы арқылы жұмыс істейтін смартфондарға арналған Play market қосымшасында қолжетімді. Бір аптадан соң қосымша iOS үшін App Store-де пайда болады. 

Соңғы жаңалықтар