Астанада мұқтаждарға нан тегін таратылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолдауға бағытталған акциялар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Әкімдіктің мәліметінше,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Астанада көмекке мұқтаж азаматтарды тегін түрде азық-түлікпен қамту бойынша қайырымдылық акциясы өткізіліп жатыр. Әр апта сайын ұйымдастырушылар «Шапағат» коммуналдық базарында, Жеңіс даңғылындағы 55-үйде, І. Есенберлин көшесіндегі 2\1-үйде; Ғ. Мұстафин көшесіндегі 13-үйде орналасқан «5 минут» супермаркет желісінің үш дүкенінде тегін 120-200 бөлке нан таратады.

Аталмыш акция халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, қарт адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған.

Сондай-ақ, «Қайырымдылық. Доброта» жобасы жүзеге асырылуда. «Көктал» көлік бөлшектер әмбебап базары маңында (Көктал, 18) әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін арнайы бутик ашылды. Ондағы тауарларға баға қойылмаған.  Кез-келген азаматтар бутикке мұқтаж жандар алып кететін киім-кешек, аяқ киімдер, ойыншықтар мен кітаптарды әкеліп қоя алады. 

Соңғы жаңалықтар