Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 9 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Астанада ММА апталығы өтеді

2018 жылғы 17 сәуір 14:07 858
Бөлісіңіз:
Астанада ММА апталығы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Мамыр айында Астанада «ММА апталығы» спорттық шарасы аясында ММА аралас жекпе-жегінен Қазақстанның VI чемпионаты өтеді. Бұл туралы Қазақстан ММА федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Элизабет Тұрсынбаева қызылордада шеберлік сабағын өткізді Астанада футзалдан «YELEU CUP» халықаралық турнирі басталды

8-11 мамыр аралығында ел аумағынан жиналған кіл мықты спортшылар Қазақстан чемпионы атағы үшін бақ сынасады. Жарыстар 14 салмақ дәрежесінде ерлер мен әйелдер арасында өтеді.

«Қазақстан әлемдік әуесқой ММА-да бес жыл қатарынан көшбасшы орында келеді. Ал биыл Қазақстанның VI чемпионатында алғаш рет жасөспірімдер қатысқалы жатыр. Осы орайда ММА бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасының қазіргі мүшелерінің соңынан лайықты ізбасарлары еріп келе жатқаны қуантады. Біз жасөспірімдер арасында да халықаралық аренада жоғары орындардан көрінуге ниеттіміз», - деді Қазақстан ММА федерациясының бірінші вице-президенті Асылбек Дүйсенов.

11 мамырда ММА-дан ҚР чемпионатының финалы өтеді, онда әуесқойлар арасында үздіктер анықталады.


Астанада ММА апталығы өтеді 
Астанада ММА апталығы өтеді 

 

 


Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат