Астанада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында көше шамдары пайда болуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Билік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобаларды жүзеге асыру барысында инвесторларды белсенді түрде тартуға кірісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жобасының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел болып өтті. Астананың МЖӘ жобаларының операторы ретінде қалалық Astana Invest инвестицияларды дамыту орталығы қолданыстағы 8 жобаны жүргізуде. Олар білім, транспорт, тұрғын үй және энергетика салалары. Астанада жақын арада бизнестің қатысуымен қосымш, мұғалім дайындаумен айналысатындар балабақшалар, колледж және де онкодиспансер ашылмақ. Ракпен ауыратындарды емдеу ауруханасын шетелдік инвесторлардың есебінен салуды жоспарлап отыр. 

«Біз қазір онкологиялық емхананы жоғары деңгейге көтеру үшін бізге көмектесетін ірі халықаралық инвесторлар іздестірудеміз. Егер жүзеге асқан жағдайда науқастар емделу үшін шетел асып кетпей-ақ барлық емдеу процедураларын осында ала алатын болады», - дейді Astana Invest басқарма төрағасының орынбасары Жанар Мұсатаева. 

МЖӘ аясында елорда аймағында жаңа демалыс зонасы пайда болуы мүмкін.

«Көңіл көтеру, демалыс аймағы саласын да дамыту жоспарланып отыр. Қала билігі жер учаскесі мен жағажай бөлді. Бөлінген 25 гектар жер жасыл аймақта орналасқан. Онда түгелімен жасыл орманға оранған әрі веложол бар. Біз ол жерді қоршап, жеке бизнестің қолына ары қарай көркейтуі үшін табыс етеміз», - дейді Ж.Мұсатаева.

Бұдан басқа, билік бизнестің көмегімен энерго саласын да ретке келтіруді жоспарлауда. Себебі, таяу арада Астанада көше шамдары мен лампалары пайда болса таң қалмаңыз.

«Жоба аясында біз толықтай жарықтандыруы жоқ көшелерді ауыстырсақ дейміз. Көшелерге ақылды іштей басқару жүйесі мен көшелерді жарықтандыру - диммирлі жүйені орнатуды көздейміз, яғни бағдарламаның қамтамасыз етуімен жарық өзі өшіп, жанып тұрады. Сондай-ақ, бұл бағдарлама қай шамда ақау барын бақылап тұруға мүмкіндік береді», - дейді Ж.Мұсатаева.

Astana Invest басқармасының төраға орынбасарының айтуынша, ұсынылған жобаның барлығы да сараптамадан өтуде. Билік инвесторларды МЖӘ - қазіргі және жоспарланып отырған жобаларды жүзеге асыруға шақыруда.

Соңғы жаңалықтар