Астанада мемлекеттік тапсырыспен жекеменшік балабақшаларға балаларды қабылдау басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең елордада пайдалануға берілген жекеменшік балабақшаларға кезекке тіркелген 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдау басталады. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасынан хабарлады.

Жолдамалар мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жаңа және қолданыстағы жекеменшік балабақшаларға беріледі. Балаларды балабақшаға қабылдау жұмыстары 28 қыркүйектен 12 қазанға дейін жүргізіледі. Жолдама үшін Қарталы көшесінде орналасқан №61 орта мектепке сағат таңертеңгі 10-нан кешкі 18.00-ге дейін келу қажет.

Бұл ретте Астана тұрғындарында ағымдағы кезек нөмірі болуы тиіс (оны ЖСН, баланың ТАӘ және туған күні бойынша https://egov.kz/ порталы арқылы білуге болады). Жекеменшік балабақшада ата-аналардың төлемақысы 20 800 теңгені құрайды. Тұрғылықты мекенжайға сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшалардың тізімінен таңдап, оған жолдаманы алуға мүмкіндік бар.

Айта кетерлігі, жекеменшік балабақшаға жолдама алса да мемлекеттік балабақшаға кезек сақталады.

Соңғы жаңалықтар