Астанада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тізімі жаңартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астана қаласының Білім басқармасы сайтында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың, сонымен қатар шағын орталықтардың тізімі жеке берілді.

Осыған дейін, ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында Астанадағы балабақшаларға 24 мың бала қабылданатыны туралы хабарланған. «26 мың бала кезекте тұр», - деген болатын елордалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

Сонымен бірге балаларды кезекке қою ережелерінің өзгергені туралы да айтылған.

Соңғы жаңалықтар