Астанада марафон күні 21 көше жабылып, 63 автобустың кестесі өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қыркүйек күні елордада бұқаралық марафонның өтуіне байланысты белгілі бір көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Осыған байланысты қоғамдық көліктердің де қозғалыс кестесінде өзгерістер болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасынан мәлім еткендей,  17 қыркүйек күні сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін 49 маршруттың қозғалыс кестесіне уақытша өзгеріс енгізіледі. Олар - № 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 18, 20, 22, 23, 24, 25, 26, 28, 31, 33, 35, 37, 38, 40, 41, 44, 46, 48, 50, 52, 53, 60, 61, 71, 73, 80, 105, 106, 300, 302, 303, 304, 305, 308, 309, 312, 313, 315 автобустар.

Сондай-ақ 14 маршруттың қозғалысы уақытша тоқтатылады, олар - № 15, 19, 21, 29, 32, 51, 56, 70, 101, 102, 500, 501, 502, 506.

Марафон аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктердің жұмысы қайта қалпына келтіріледі. 

Айта кетейік, төтенше жағдайларды болдырмас үшін  марафон өтетін көшелерде көлік қозғалысы  толығымен тоқтатылады.

Мәселен, сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін көлік қозғалысына келесі учаскелерде толығымен шектеу қойлады:

1) Қабанбай батыр даңғылы, Хусейн бен Талал көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейін;
2) Бұқар жырау көшесі, Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін;
3) Мәңгілік Ел даңғылы, Бұқар жырау көшесінен Сығанақ көшесіне дейін;
4) Сығанақ көшесі, Мәңгілік Ел даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейін;
5) Панфилов көшесі,  Сығанақ көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін.

Сағат 08.00-ден 10.30-ға дейін көліктердің қозғалысы келесі учаскелерде толығымен шектеледі:

1) Тәуелсіздік даңғылы, Панфилов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін;
2) Нәжімеденов көшесі, Тәуелсіздік даңғылынан Сарыкөл даңғылына дейін;
3) Сарыкөл даңғылы,  Нәжімеденов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін;
4) Байтұрсынов көшесі, Сарыкөл даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейін;
5) Қошқарбаев даңғылы, Байтұрсынов көшесінен  Жұмабаев көшесіне дейін;
6) Жұмабаев даңғылы, Қошқарбаев көшесінен Момышұлы даңғылына дейін;
7) Момышұлы даңғылы, Жұмабаев даңғылынан  Абылай хан даңғылына дейін.

Сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін көліктердің қозғалысы келесі учаскелерде толығымен шектеледі:

1) Абылай хан даңғылы, Момышұлы даңғылынан  Жұмабаев даңғылына дейін;
2) Жұмабаев даңғылы, Абылай хан даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейін;
3) Қошқарбаев даңғылы, Жұмабаев даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін.

Сағат 11.30-дан 13.00-ге дейін көліктердің қозғалысы келесі учаскелерде толығымен шектеледі:

1) Мәңгілік Ел даңғылы, Қошқарбаев даңғылынан Қонаев көшесіне дейін;
2) Қонаев көшесі, Мәңгілік Ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылының шығысына қарай; 
3) Қабанбай батыр даңғылының шығысына қарай,  Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін;
4) Достық көшесі,  Қабанбай батыр даңғылының шығысынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін; 
5) Мәңгілік Ел даңғылы, Достық көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін.

Астана қалалық ІІД әкімшілік полиция әкімшілігі елорда тұрғындары мен қонақтарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді. Жедел-жәрдем көліктері шақыртуларға (жедел-жәрдем көрсету қызметі, ТЖ және ІІМ қызметтері)  сол жерде қызмет етіп тұрған қызметкермен көлденең бағытта жіберілетін болады.

Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан емдеу мекемелеріне Тұран даңғылы, Хусейн бен Талал (бұған дейін №31) көшесі жағынан келуге болады.

 

Соңғы жаңалықтар