Астанада Lexus автобуспен соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада   Пушкин  мен Циолковский көшелерінің қиылысында    Lexus   маркалы көлік № 51 автобуспен соқтығысты, деп хабарлады   «ҚазАқпарат»  ХАА  Астана ІІД баспасөз қызметінің басшысына сілтеме жасап. 

 «26 наурызда орын алған апат фактісі бойынша полицейлер тексеру жүргізуде. Lexus көлігінің 1997 жылы  туған жүргізушісі   қарсы жолға шығып кетіп, №51 автобуспен соқтығысты», - деді ол.

Оның айтуынша, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, ешкім медициналық көмекке жүгінбеді.

«Автобустың ішінде жолаушы болмаған, ол енді ғана маршрутқа шықпақшы болған», - деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар