Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 326.88
EUR 364.90
RUB 5.47
CNY 47.85

Астанада қытайлық Цзянсу провинциясының апталығы басталды

Астанада қытайлық Цзянсу провинциясының апталығы басталды
2017 жылғы 20 маусым 19:40 327

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 маусым күні ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Қытай павильонында Цзянсу провинциясы апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Бұл туралы Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігі хабарлайды.

Астанада қытайлық Цзянсу провинциясының апталығы басталды 

Шара аясында Қазақстан мен ҚХР Цзянсу провинциясының іскерлік тобының қатысуымен қазақстандық-қытайлық бизнес-форум өтті.

Форум жұмысына 250 делегат қатысты. 80 қатысушы - Цзянсудың вице-губернаторы Чэнь Чжэньнин, ірі энергетикалық және агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың жетекшілері және Қазақстандағы ҚХР елшісі Чжан Ханхуэя провинцияның іскерлік және саяси элитасының атынан келді.

Қазақстандық тараптан Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің бас директоры Айдын Байеділов, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның ірі кәсіпорындарының бірінші басшылары қатысты.

Астанада қытайлық Цзянсу провинциясының апталығы басталды 

Форум қытайлық компаниялармен тиімді жұмыс істеуге арналған іскерлік алаң болып табылады. Форум аясында қатысушылар Қазақстан-Қытай саудасының импорт пен экспорт көшбасшыларының стратегиясымен және жаңа технологиялармен танысып, ынтымақтастық үшін маңызды қарым-қатынастар орнатты. 

Қытай павильоны алаңында «Азық-түлік энергиясы» тақырыбында Цзянсу провинциясының экономикалық әлеуетінің таныстырылымы ұйымдастырылды.

«Азияның іскерлік ортасында Цзянсуды «Айдаһардың мойыны» деп атайды, бұл провинцияның Қытай экономикасындағы маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. ЖІӨ деңгейі бойынша Цзянсу Қытайдың 23 провинциясы арасында 2-орында тұр. Сондықтан, біздің инвестициялық агенттік Астана қаласындағы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен ЭКСПО-2017-дегі Цзянсу апталығына аса мән беріп отыр», -деді  Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің бас директоры және форум ұйымдастырушысы Айдын Байеділов.

Астанада қытайлық Цзянсу провинциясының апталығы басталды 

 Цзянсудың вице-губернаторы Чэнь Чжэньнин ЭКСПО-2017 көрмесінің Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» идеясын және Қазақстанның «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын дамытуға жақсы платформа екенін атап өтті.

Шара барысында Қытайдың ежелгі театр өнері әртістері өнер көрсетті. Сондай-ақ, Астанадағы ЭКСПО-2017 барлық қонақтары келіп көре алатын «Цзянсу - азық-түлік энергиясы» арнайы көрмесі ұйымдастырылды. 

 

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер