Астанада қытай азаматшасының бағалы әшекейін қайтарып берген полиция қызметкері марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ІІД-інің басшысы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ЭКСПО аумағында жеке құрам алдында «Сарыарқа» ауданы ІІБ-нің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі топтың жедел уәкілі, полиция капитаны Рамиз Сафиуллаевке бағалы сыйлық - атаулы сағатты табыстады, деп хабарлайды қаланың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, ойын-сауық орталығы аймағында міндетін атқарып жүрген Рамиз Сафиуллаев аса қомақты соманың чегі бар бағалы зергерлік бұйым мен оның сертификатын тауып алған. Бағалы әшекейлер иесіне, ҚХР азаматшасына қайтарылды, турист өз тарапынан полиция қызметкеріне алғыс білдірді.

Бұдан өзге, елордалық полиция қызметкерлерінің құжаттары мен 5 млн теңге көлеміндегі ақшасы бар әмиян тауып алып, иесіне қайтарғаны үшін Павлодар қаласының тұрғыны Хамит Хайруллин де тәртіп сақшыларының жеделділігі мен адалдығына байланысты алғыс айтты. 

Соңғы жаңалықтар