Астанада қырғыз суретшісі Бузурманқұл Мырзалиевтің көрмесі өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» ұлттық картина гелереясында Қырғыз Республикасының суретшісі Бузурманқұл Мырзалиевтің халықаралық жеке көрмесі өтіп жатыр.

Экспозицияда түрлі түстер мен экспозициялардың әралуандығымен ерекшеленетін пейзаж, натюрморт сияқты қызықты дүниелер бар.
Бузурманқұл Мырзалиев - 1957 жылы Қырғызстан Республикасы Талас қаласында туған. Көркем сурет бойынша Фрунзе көркем училищесінде білім алған. Жас кезінде сурет салумен айналысып, шығыс жекпе-жегіне көп қызығушылық танытқан.

Кейіннен шығыс жекпе-жегімен айналысу хоббиге айналып, спортқа деген құштарлық Кун-Фуды тереңнен меңгеруге итермеледі. 1990 жылдан бастап Вьетнам шеберлерінен білім алып, күрес өнерінің нұсқаушы-әдіскер біліктілігімен аттестаттаудан өтеді.

Шығыс жекпе-жегімен айналысу уақытында жауынгерлік өнер шеберлері Стивен Сигал және Боло Янгпен кездесіп, жақын достарға айналды.

Ол барлық шағармашылығына әйеліне және оның музасы, қанаттасы, сұлу Чолпанға деген махаббатын арқау етеді. Олардың махаббат тарихы қырғыз жігіті Раймалы мен қазақ қызы Бегімайдың аңызына ұқсас.

Спортпен айналысқанда, санасына көркем бейнелер келіп, сурет салғанда, кун-фу философиясын басшылыққа алады.

Соңғы жаңалықтар