Астанада құтқарылған 2 жасар сәби Есіл өзенінде не істеп жүргені анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Есіл өзеніндегі мұздың астына түсіп кеткен баланың құтқарылғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Анықталғандай, екі жасар сәби жекеменшік балабақшаның тәрбиеленушісі. Оны топтың өзге балаларымен тәрбиеші серуенге алып шыққан. 

Elorda Info сайтының жазуынша, мектепке дейінгі мекеме заң жүзінде тіркелмеген болып шыққан. 

«Біз осы балабақшадағы деректерді тексердік. Анықталғаны, ол балабақша мемлекеттік тіркеуден өтпеген екен. Яғни көлеңкелі кәсіп болған», - дейді Білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.

Сондай-ақ ол ата-аналар сәбилерін жекеменшік балабақшаға берер алдында мекеменің лицензиясы бар-жоғына көз жеткізіп алу қажеттігін атап өтті. 

17 сәуір күні Орталық өңірлік аэромобильдік құтқару жасағының өкілі Ерден Қабылтаев Есіл өзенінің қарсы бетіндегі жағалауда суға түсіп кеткен нәрестені көзі шалып, дереу дабыл қаққан. Нәтижесінде, кезекші құтқарушылар тобынының жетекшісі Жалғас Сәрсембаев оқиға орнына жедел жетіп, баланы құтқармаққа суға секірген.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бала тұншығып қалған, дегенмен құтқарушы азамат дер кезінде қимыл жасап, баланы судан аман алып қалған.

Артынан белгілі болғандай, бала серуендеу кезінде ойылып қалған мұздың астына түсіп кеткен.

Құтқарылған бала ауруханаға жеткізілді. Қазір оның өміріне қауіп жоқ.

Соңғы жаңалықтар