Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -8 °С
Алматы: 2 °С
USD 319.88 EUR 394.41
RUB 5.65 CNY 50.42
Жаңалықтар

Астанада Құрлықтық хоккей лигасының мықтылары бас қосады

2018 жылғы 3 қаңтар 05:33 911
Бөлісіңіз:
Астанада Құрлықтық хоккей лигасының мықтылары бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының мықтылары «Барыс Аренада» бас қосып, спортсүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйламақ.  Елімізде мұндай деңгейде шара алғаш рет өткелі отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан құрамасы велотректен Азия чемпионатында 8 медаль жеңіп алды Қанат Ислам Климаспен келісім жасалғанын жоққа шығарды

Хоккей жұлдыздарының байрақты бәсекесін елордалық жанкүйер тағатсыздана күтті. Ел мерейін үстем ететін айтулы шараға санаулы күн қалып отыр. 10 қаңтарда Еуразия мықтылары Астанада бас қосады.

Шараға құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін 27 клубтан 48 спортшы қатысады. Дені әлемге танымал. Олар 4 командаға іріктеліп, өзара мықтыны анықтамақ.

Дүбірлі додада елордалық «Барыстан» үш бірдей ойыншы бақ сынамақ. Команда капитаны Найджел Доус, қорғаушы Кевин Далман мен құрлықтық хоккей лигасы үздіктерінің бірі - шабуылшы Линден Вей. Қазір жігіттер қызу дайындық үстінде.

 


Басты сөздер: Спорт, Астана,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат