Астанада Күмісбеков көшесі қазан айында ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан айының соныңда Күмісбеков көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің сайты .

«Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Алмаз Қабдырахмановтың айтуынша, аталмыш көшеде жолды жөндеу жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталып, күрделі инженерлік жұмыстар жүргізіліп, жаңадан асфальт төселуде. Жол жөндеу кезінде көше уақытша жабылған. 

«Қазіргі кезде Күмісбеков көшесі бойындағы Әліби Жангелдин мен Сейфуллин көшелері аралығында асфальт төселген. Ал, Бөгенбай батыр даңғылы мен Әліби Жангелдин және Абай мен Кенесары көшелері аралығындағы жөндеу жұмыстары қазан айының сонында аяқталады», деп хабарлады бас маман.

Жол толық аяқталғанда «Сарыарқа» ауданындағы көлік ағынынын жеңілдеуі тиіс.

«Бастысы көршілес жатқан Сарыарқа көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылындағы көлік кептелісін болдырмауға септігін тигізеді», дейді Алмаз Қабдырахманов.

Күмісбеков көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары келер жылы толық аяқталады және алты жолақты болады.
null

 

Соңғы жаңалықтар