Астанада кран құлап, құрылысшы қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың Есіл ауданында «Ақ Дидар» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнаралық кран құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы агенттікке ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 

Қазандықтарды, газ қондырғыларын және көтеру құрылыстарын мемлекеттік қадағалау басқармасы хабарлады. 

Төтенше оқиға 19 наурыз күні таңертең болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мұнаралық кранның секциясы қирап, тұрғызылып жатқан үйге құлаған. Кабинада отырған краншы ауруханаға жеткізілді және сонда көз жұмды.

«Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қалалық департаментінде арнайы комиссия құрылды. Комиссия оқиғаның мән-жайын анықтайды. Комиссия тұжырымдамасынан кейін ғана шаралар қабылданады, тексеруге 10 күн беріледі», - деп хабарлады қалалық басқарма.

Соңғы жаңалықтар