Астанада қосымша екі автобекет ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алай» мен «Кең март» сауда үйлері маңайындағы екі автобекетті маусым айында ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Роман Склярдың айтуынша, «Алай» сауда үйі жанындағы автобекет солтүстік пен батыс аймақтарына қатынайтын 31 жаңа рейске жауап берсе, осы бекеттің «Кең марттың» маңайындағы бөлімшесі оңтүстік пен орталық аймақтардың тұрғындарына қызмет көрсетеді. Ал «Сапаржай» автовокзалы бұрынғы рейстерді орындай береді.

«Жергілікті атқарушы органдардан түскен ақпаратқа сәйкес, ЭКСПО көрмесі кезінде ел аймақтарынан 472 мыңнан астам адам автобуспен келеді. Ол дегеніміз, Астанаға күн сайын шамамен 5 мың адам автобуспен келіп отырады. Осыған байланысты рейстердің саны екі есеге көбейеді. Сосын тағы 250 автобус қосымша қызмет көрсетеді. Осылайша, күнде 400 автобус көрме қонақтарын тасымалдайтын болады», - дейді Скляр.

Айта кетейік, Астанадағы ЭКСПО Халықаралық көрмесі кезінде 2 млн 450 мың адам келіп кетуі тиіс. Соның ішінде ел аймақтарынан келетін 1 миллион 800 мың адам бар .

Соңғы жаңалықтар