Астанада қос құрбы Италия азаматын ұрып-соғып, тонап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі құрбы итальялықты таспен ұрып, «Айфон 6S» маркалы телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА елордалық сотқа сілтеме жасап.

2017 жылдың қазанында құрбылардың бірі әлеуметтік желіде Италия азаматымен өтірік есім айтып, танысады.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу елордадағы сауда үйлерінің бірінде өтеді. Құрбылар шетелдікті сыра барына шақырады. Барда олар 23:00-ге дейін болып, үйді-үйлеріне тарқау үшін көшеге шығады. Бірақ, көшеге шыққаннан кейін құрбылар шетелдіктің бетінен таспен ұрып, «Айфон 6S» маркалы ұялы телефонын қолды етеді.

Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының шешімімен екі бойжеткен айыпты деп танылып, бірі 4 жылға, екіншісі 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар