Астанада көптен күткен Күмісбеков көшесі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Күмісбеков көшесінде жол қозғалысы ашылды. «Сарыарқа» ауданының тұрғындары бұл сәтті 2007 жылдан бері күткен еді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Көшенің құрылысының созылып кетуі құрылыспен шектесіп жатқан жылжымайтын нысандардың сүрілуімен байланысты болды. Он жыл ішінде 70 шақты жылжымайтын нысан сүрілді», - деп мәлімдейді коммуналдық шаруашылық басқармасының инфрақұрылым бөлімінің басшысы Жасұлан Байжанов.

Құрылыс-монтаж жұмыстары Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасы мен тұрғындардың өтініші бойынша бір жыл ішінде белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды. Бұл Сарыарқа мен Бөгенбай даңғылы бойынша трафикті жүктеу мен автотранспорт ағымын көбейтуге мүмкіндік береді. Жобаны толығымен аяқтау 2018 жылға жоспарланып отыр.

Күмісбеков көшесінің жалпы ұзындығы 1600 метр, оның 1220 метрі қайта жөндеуден өтті. Жөндеу кезінде инженерлік желілер мен көшенің үш жағына да асфальт төселді.

«Биыл осы жөндеу жүріп жатқан жердегі үйлерді сүріп тастау мәселесі шешіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары мамырда басталды», - дейді Жасұлан Байжанов.

Құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде көшелер кеңейтілді. Пайдалануға берілгеннен кейін алты жолақты болады.

Соңғы жаңалықтар