Астанада көп қабатты үй терезесінен үш жасар бала құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көп қабатты үй терезесінен үш жасар бала құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Бұл ақпаратты ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Оқиға 27 шілдеде сағат 18.00-де Күмісбеков көшесі бойындағы үйде орын алды. «Ата-анасының қарауынсыз қалған 2014 жылы туған бала алтыншы қабатта орналасқан пәтер терезесінен құлап, оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, жаз басталғанда балалар көбінесе  ересектердің қарауынсыз қалып жатады, осы кезде өрт, жазатайым оқиғалар саны артады. «Статистика бойынша Астанада жыл басынан бастап 9 бала зардап шеккенін көрсетті, оның 5-еуі ауруханаға жеткізіліп, 4-еуі қаза тапқан. 1-еуі терезеден құлап кете жаздап,  құтқарылған. Негізінен олар ата-анасының қарауынсыз қалған балалар», - деді Руслан Иманқұлов.

Соңғы жаңалықтар