Астанада кондиционерлері бар автобустар көбейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Астанадағы қоғамдық көліктердің үштен бір бөлігі ғана ауаны салқындататын құрылғылармен жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің медиа-орталығына сілтеме жасап. 

«Астана LRT» жолаушылар көлігі бөлімінің жетекшісі Бейбіт Есжановтың айтуынша, соңғы кездері кондиционерлердің жоқтығынан жолаушылар тарапынан арыз-шағымдар жиі түседі.

«Бүгінгі күні Астанадағы жолаушылар көлігінің 35% ғана салқындатқыш құрылғылармен жабдықталған. Алайда жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш ұлғаяды: 250 ескірген автобус ауыстырылады. Біз оларды Евро 6 санаты бойынша барлық әлемдік стандарттарға сай келетін жаңа автобустармен алмастырамыз. Сәйкесінше, олар салқындатқыш жүйелермен жабдықталатын болады», - деді Б.Есжанов.

Сондай-ақ, ол ауа температурасы +15 градусты көрсеткенде жолаушылар жүргізушіден салқындатқышты қосуды талап ете алатынын еске салды.

Жолаушылар кез келген мәселе бойынша «Астана LRT» компаниясының 8 (7172) 574-777 нөмірлеріне хабарласа алады.

 

Соңғы жаңалықтар