Астанада көмір тапшылығы жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Астана қаласына 320 мың тонна көмір жеткізілген, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 1-15 қаңтар аралығында Астанаға түрлі маркадағы 321 672 тонна көмір жеткізілген. Астана әкімдігінің ақпаратына сай, қазіргі кезде Елордада көмір тапшылығы байқалмайды.

«Әкімдіктің бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілердегі ақпараттандыру жұмыстарының нәтижесінде қала тұрғындары көмірді сатушылардан тікелей қол жетімді бағада алуда», - деп хабарлады әкімдік.

Ең сұранысқа ие  - «Шұбаркөл» көмірі. Өткен жылдың желтоқсан айында жеткізу құнын қоспағанда бір тоннасы 11 500 тг болған.

2018 жылдың 4 қаңтарынан бастап бұл көмір түрінің тауар биржасындағы саудалану құнының көтерілуіне байланысты бағасы 1000 тг өскен.Оған себеп ЖЖМ-дың, теміржол вагондарының  станциядан тұйыққа жеткізу құнының өсуіне байланысты», деп хабарлады әкімдік.

Естеріңізге сала кетейік, қала бойынша 15 көмір сату бекеті жұмыс істеуде, соның жетеуі - ірі бекет. Сонымен қатар, қалада коммуналдық қажеттілікті қамтамасыз етуге арналған көмірді қабылдайтын 20 жүк бекет жұмыс жасауда.

Соңғы жаңалықтар