Астанада көлік ұрлаушылар алдай отырып кездейсоқ адамдардың көмегіне жүгінген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада екі ер адам автокөлікті ұрлап, жол апатына ұрынған. Ұрлық жасар алдында олар кездейсоқ адамдардан көмек сұраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық сотының сайтына сілтеме жасай отырып.

«2017 жылы маусым айында М. елорда көшелерінің бірінде «С» ЖШС-на тиесілі «КIА TOPIC» маркалы автокөлігін көреді. М. қасындағы Р.-ға өзінің қылмыстық ниеті туралы хабардар етпестен, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жолаушы жақтағы сәл ашық тұрған терезеден қолын тығып, есікті ашқан. Есікті ашқан ол өзінің мас екенін алға тартып,  Р.-ға рөлге отыруын сұраған», - делінген хабарламада.

Жағдайды толық түсінбеген Р. көліктің рөліне отырып, көлікті сымдарды жалғау арқылы жүргізбек болған, бірақ ол әрекеті іске аспады.

Автокөлік ішінде М. және Р. спирттік ішімдік ішіп, өзге адамдарға көлікті итеріп жіберулерін өтінген.

Екі жігіт ұрланған машинамен басқа көлікті соққан және пен соққан, сосын оқиға болған жерден бой тасалаған.

Сарыарқа аудандық №2 сотының үкімімен сотталушы М. кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар