Астанада көлік тұрағы кеңістігін басқару жобасы іске қосылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада көлік тұрағы кеңістігін басқару жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін елордада «Астана қаласының көлік кешенінің даму үрдісі» атты конференцияда қала әкімі Әсет Исекешев.

«Маңызды бағыттардың бірі көлік тұрағы кеңістігін басқару жобасын іске асыруға байланысты. Бұл жоба халықаралық консультанттардың қатысуымен даярланды. Онда көшедегі тұрақтар, вокзал маңындағы аумақтар, айып тұрақтары, үй маңындағы аумақтар ескеріліп отыр. Біз түсінеміз, жоғарыда аталған шаралар қала тұрғындары үшін белгілі бір қолайсыздық тудыруы мүмкін.  Алайда осы жүйелік кешенді шаралар әлемдік үздік тәжірибе негізінде жасалды», - деді Астана әкімі.

Оның сөзіне қарағанда, кешенді шаралар шаһардағы трафик пен көліктік жүйені дұрыс дамытуға мүмкіндік береді. Егер де қазірден осы жұмыстар іске асырылмаса, онда қалада көлік кептелістері арта түсуі ықтимал.

Сонымен қатар ол жолдағы қозғалысты ұйымдастыру орталығы құрылғанына тоқтала келе, бұл орталық көліктік кеңістікке мониторинг жүргізіп, тиімді басқаруды қамтамасыз ететінін атап өтті. Сонымен қатар зияткерлік көліктік жүйе енгізілуде, осы ретте қаладағы 358 бағдаршамның 42-сі аталған жүйеге қосылған. 2019 жылға дейін жүйемен барша қала қамтылады.

Белгілі болғандай, бірыңғай диспетчерлік орталықпен қазіргі заманғы біркелкі такси қызметін құру бойынша жоба жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар